«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Шеңгелши негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа Шенгелши » ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
Мектеп кітапханасының ауданы 12м2. Кітап қоймасы бірге орналасқан. Кітапхананың оқулықпен қамтамасыз етілуі оқушылардың оқу үлгерімінің артуына тікелей әсер етеді.Мектептің 1-9 сынып оқушылары 100% қамтылған. Кітапханадағы жалпы кітап қоры: 3944 дана. Жалпы оқырман саны 100. Оқырманның келу саны 80.
Жалпы кітап қорында 3944 дана кітап бар.Оқулық – 3264 дана, электронды нұсқада - 82 оқулық бар,оқулықтар қоры бәрі қазақ сыныптарға арналған. Әдістемелік -183 дана,соның ішінде электрондық нұсқада -82 дана бар. Көркем әдебиет -598 дана, соның ішінде орыс тілінде - 33 дана бар. Кітап беру саны 480. Мектеп кітапханасының нұсқаулары мен кітапхана ережелеріне ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің нұсқауымен сәйкес келеді. Кітапхананың жұмыс жоспары тәрбие жұмысымен бағытталып жасалған. Жыл сайын «Атамұра», «Алматыкітап», «Мектеп», «Арман ПВ», «Фолиант» , «Мазмұндама» , «Аруна» баспаларынан жаңа кітаптар қабылданады .
Оқулықтар мен көркем әдеби кітаптардың барлығы инвентарлық кітапқа енгізіліп, есепке алынады. Қазірге кезде кітапханада айтылған кітап корынан басқа қатты түгендеу (твердый инвентарь) жағынан 2 кітап сөресі, 1 көрмелік сөре және де 1 үстел мен 4 орындық бар. Кітапхана кіріктірілген -1. Кітапханалық қорды қосынды есепке алу кітабы бойынша көркем әдеби кітаптарды оқулықтарды, электронды оқулыктарды дидактикалық және әдістемелік әдебиеттер қосынды есепке алынады. Сонымен қатар тозығы жеткен көркем әдебиеттерді, мағынасы өзгерген оқулықтарды есептен шығару актілері жүргізіліп отырады. Кітапхана талабына сай тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. Кітапхана жұмыс жоспарына сай, кітапхана оқырмандарына арналып түрлі кітап оқу сайыстары, оқу шаралары, тақырыптық көрмелер өткізіледі. Кітапхана жұмысы оған қоса, «Балалар кітапханасы», «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады
«Шеңгелши негізгі орта мектебі» КММ КГУ «Основная средняя школа Шенгелши »
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»