«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Шеңгелши негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа Шенгелши » ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
Мұғалжар ауданында Жем өзенінің саласы Тағылының бойында көкке бой созған жиде ағаштарымен ерекшеленетін, уақыт ағымына қарай атауы «Құдайбергеннің көк үйі», «Қазақ КСР- нің 30 жылдығы», «Шеңгелши» деп бірнеше рет өзгерген мекен бар.
Осы өңірде Бұжыр батырдың бір баласы Назардың бауырынан өрбіген ұрпағы Дүйсенбі ұлы Құдайберген байдың әлі күнге орны сақталған көк отауы тігілген. Қарапайым, халыққа жайлы, Атымтай жомарттығымен аты шыққан, беделді Құдай берген байдың көк отауы тігілген ауылды халық арасында «Құдайбергеннің көк үйі» деп атап кеткен.
1927 жылы көзі ашық, көкірегі ояу Құдайберген бай ауылда мектеп салдырады. Алғашқыда шағын кешенді бастауыш мектеп ретінде жұмыс жасап, кейін 7 жылдық мектепке айналған білім ордасы ғимараты 1998 жылға дейін сақталған.
Бұл мектеп ғимаратында ел ризашылығына бөленген ұстаздар: Әбді Шайхин, Имағанбет Бозанов, Сағын Амандықов, Анарбек Тілегенов, Шылау Теміров, Қайролла Қоғабаев, Янзура Ержанова, Ғайнеден Өтешов, Бақытқали Дүсіпов, Николай Дошаев, Қойшығұл Мұқашев, Мария Есенова, Тұрақ Балғарин, Мақсат Балжанов, Сәуле Рысмағанбетова, Сағидулла Абдуллин, Жалғасбай Бердімағанбетов, Темір Сейісов, Тілеген Бекқарнаев, Нұрулла Әбілғазин, Мұхамбет Нұрахметов еңбек еткен.
Ал, 1977 жылы салынған жаңа оқу ғимаратында (мектептің қазіргі ғимараты) сегізжылдық мектеп ашылып, мұғалімдер қатары арнаулы білімді жас мамандармен толықтырылды.
«Қазақ КСР-нің 30 жылдығы» атындағы сегізжылдық мектепте Нұрлан Бекқарнаев, Әбді Шайхин, Төлеу Қожабергенов, Темірхан Есқарин, Сағымбай Сүгірбаев, Сағынғали Мұстафин, Бауыржан Имандосов, Нұрлан Келімбердин, Гүлмира Төребаева, Сапарғали Бердибеков, Шамиль Адилов басшылық қызмет атқарды.
«Шеңгелши негізгі орта мектебі» КММ КГУ «Основная средняя школа Шенгелши »
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»