«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Шеңгелши негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа Шенгелши » ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
25 қазан – Республика күніне орай «Менің Отаным – Менің Қазақстаным» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды кітап оқуға баулу. Барысы: Оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейте отырып, көрмеге қойылған кітаптармен таныстырылды. Оқушылар қойылған сұраққа жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Кітап көрмесіне Менің Отаным-Қазақастан, Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті, Тарихи тұлғалар, Туған жер-тұғырың, Өлкетану атты кітаптар және тақырыпқа байланысты кітаптар мен суреттер қойылды.
«Отбасы құндылығы» тақырыбында 1-9 сыныптарда челлендж өткізілді. Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. Оқушылар өз отбасыларының құндылықтарын этика, басымдықтар және дүниетанымдарын, құнды қасиеттерін бөлісетін фотосуреттерімен бөлісті. Осы іс-шара аясында «Біз бәріміз балалық шақтанбыз» фотокөрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз қолдарымен скрапбуктер жасады. Сонымен қатар, 3, 4 сыныптар арасында «Анам, әкем, мен, шығармашыл отбасы» тақырыбында шығармашылық көрмесі ұйымдастырылып, видеолар әлеуметтік желіге жарияланды. Мақсаты: отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру. Сонымен қатар, 1-9 сыныптарда Отбасы-шағын мемлекет тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Күнделікті атқарылатын іс-шаралар «Ұлттық ойын ұлт қазынасы», «Өнегелі 5 минут», «Үнемді тұтыну», «Күй күмбірі», сонымен қатар, «Қауіпсіздік сабағын» сынып жетекшілері сынып сағатының 10 минутында –өткізіліп жатыр . Сонымен қатар, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жоспары жасақталып, кесте құрылып, жауапты мамандар бекітілді.
«Біртұтас бағдарламасы» аясында жаңа оқу жылын «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында, 1,9 сыныптарға мұғалімдер, ата-аналар, ардагер ұстаздың қатысуымен салтанатты шара өткізілді.
Мақсаты: жаңа оқу жылында салтанатты ашылуын ұйымдастыру,және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын,патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
«Шеңгелши негізгі орта мектебі» КММ КГУ «Основная средняя школа Шенгелши »
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»