«Отбасы құндылығы» тақырыбында 1-9 сыныптарда челлендж өткізілді. Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. Оқушылар өз отбасыларының құндылықтарын этика, басымдықтар және дүниетанымдарын, құнды қасиеттерін бөлісетін фотосуреттерімен бөлісті. Осы іс-шара аясында «Біз бәріміз балалық шақтанбыз» фотокөрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз қолдарымен скрапбуктер жасады. Сонымен қатар, 3, 4 сыныптар арасында «Анам, әкем, мен, шығармашыл отбасы» тақырыбында шығармашылық көрмесі ұйымдастырылып, видеолар әлеуметтік желіге жарияланды. Мақсаты: отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру. Сонымен қатар, 1-9 сыныптарда Отбасы-шағын мемлекет тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.