25 қазан – Республика күніне орай «Менің Отаным – Менің Қазақстаным» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды кітап оқуға баулу. Барысы: Оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейте отырып, көрмеге қойылған кітаптармен таныстырылды. Оқушылар қойылған сұраққа жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Кітап көрмесіне Менің Отаным-Қазақастан, Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті, Тарихи тұлғалар, Туған жер-тұғырың, Өлкетану атты кітаптар және тақырыпқа байланысты кітаптар мен суреттер қойылды.